Сирия Сыртқы істер министрінің Теһранға сапары
(last modified Mon, 06 Dec 2021 20:12:40 GMT )
Жел 07, 2021 02:12 Asia/Almaty
  • Сирия Сыртқы істер министрінің Теһранға сапары

Жексенбі күні кешке Сирия Сыртқы істер министрі Фейсал әл-Микдад Теһранға іссапармен келді. Бүгін ол Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахианмен кездесіп, екіжақты қызықтыратын мәселелер туралы пікір алмасты.

Сирия Сыртқы істер министрінің орынбасары Башар әл-Джафари осы сапарда әл-Микдадпен бірге келді. Бұл сапардың мақсаттары аймақтық кеңестер, екіжақты саяси-экономикалық келісімдер және стратегиялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау деп жарияланды.  

Иран мен Сирия лаңкестікпен күрес майданында ортақ шаралар атқарып, жеңістерге жетті. Қазір олар қайта жөндеу кезеңіндегі қарым-қатынасты дамыту картасын жасап жатыр. Қазіргі жағдайда екі елге қарсы зұлым санкциялармен күресу мақсатында өнеркәсіп, энергетика, айлақтар, тасымал салаларында әріптестікті нығайтып, сауда және банк саласындағы келісімдерді орындауды жылдамдату стратегиялық маңыздылыққа ие. Осыған орай өткен аптада Сирияның астанасы Дамаск қаласында Иранның арнайы көрмесі өтті. Онда дәрі-дәрмек, түрлі техника, кеме қатынасы, сумен қамтамасыз ету қызметі, текстиль, электронды қызмет, инженерлік-техникалық қызмет және іргелі ғылымға негізделген ирандық компаниялар қатысты. Көрмемен бір мезгілде Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Реза Фатеми Амин Сирияға сапар шекті.

Иран мен Сирия қарым-қатынасы кеңейіп, әралуан саланы қамтиды. Барлық салада байланысты дамытудың жарқын болашағы бар. Сирия бірінші кезекте өзіне қарсы бағытталған соғыстан өтіп, оны артта қалдырды. Соғыс елге зор шығын әкелді. Соғыс пен дағдарыс бәсеңсігеннен кейін енді Сирия үкіметі елді қайта жөндеу үшін дос әрі серіктес елдердің көмегіне зәру. Саяси сарапшы Хасан Ханизаде: «Иран соғыстан қираған қалаларды қайта жөндеуде мол тәжірибеге ие болғандықтан Сирия үкіметі мен халқымен өз тәжірибесін  бөлісе алады. Иранның Сирияны қайта жөндеу кезеңіне қатысуы елдің сауда-экономикалық белсенділері үшін көптеген мұрсат пен артықшылық береді»,-деді.   

Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан Сирияға соңғы сапарында Теһран-Дамаск қарым-қатынасының стратегиялық сипатта екенін айтып: «Сирия ауыр күндерді артта қалдырды. ИИР екі ел қарым-қатынасын дамытуға белсенді түрде атсалысатын болады»,-деді.  

Тегтер