Кабулдағы лаңкестік жарылыстағы адам шығынының саны ұлғайды
Сәу 20, 2016 21:14 Asia/Almaty
Өткен күні Кабул қаласында болған лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың саны 64 адамға жетті.
Ауғанстан ІІМ- нің ақпарат хатшысы Седиқ Седиқи: «Өткен күні Кабулдың «Махмуд хан көпірі» аймағында болған жанкештілік шабуыл салдарынан 347 адам жараланды. Осы лаңкестік шабуылдан зардап шеккендердің дені әскери емес бейбіт тұрғындар» деп мәлімдеді. Кеше осы оқиғада 30 адам құрбан болып, 320 кісі жараланды деп хабарланған болатын.
Тегтер