Ғарибадаби: Кейбір америкалық азаматтар мен мекемелерге қарсы санкциялардың жаңа тізімі жуырда жарияланады
https://itolqyn.com/news/world-i57316-Ғарибадаби_Кейбір_америкалық_азаматтар_мен_мекемелерге_қарсы_санкциялардың_жаңа_тізімі_жуырда_жарияланады
Иран Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы: "Жуырда Иран тарапынан санкцияға ілінетін адам құқығын өрескел бұзған кейбір америкалық азаматтар мен мекемелердің жаңа тізімі жарияланады",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Жел 09, 2021 18:14 Asia/Almaty
  • Ғарибадаби: Кейбір америкалық азаматтар мен мекемелерге қарсы санкциялардың жаңа тізімі жуырда жарияланады

Иран Жоғары сотының адам құқығы штабының хатшысы: "Жуырда Иран тарапынан санкцияға ілінетін адам құқығын өрескел бұзған кейбір америкалық азаматтар мен мекемелердің жаңа тізімі жарияланады",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің бейсенбі күні хабарлауынша, Казем Ғарибабади АҚШ тарапынан жуырда ирандық жеке және құқықтық тұлғаларға адам құқығын бұзды деген жалған айыппен салынған санкциялардан кейін: "АҚШ-тың бұл шарасы Иран халқына қарсы барынша қысым саясатының аясында жүзеге асырылды. АҚШ санкцияларды өзінің саяси мақсаттарын орындау үшін құрал ретінде пайдаланып отыр",-деді.   

Ғарибадаби АҚШ-тың бейбіт жиындар мен наразыларға қатынас тәсілі саласында өзі айыпталушы болып отырғанын, америкалық полицияның ішкі наразылықтарға айуандық қатынасы туралы әлемдік қауымдастыққа жауап беруі керегін айтып: "Адам құқығы жөніндегі сарапшылардың мойындауынша, АҚШ полициясының түрлі түстілер, әсіресе қара нәсілділерге қатысты қатігездігі жүйелі нәсілшілдік саналады",-деді.