АҚШ-тағы демократия саммиті басталды; Байденнің жалған мәлімдемелері
(last modified Fri, 10 Dec 2021 14:20:28 GMT )
Жел 10, 2021 20:20 Asia/Almaty
  • АҚШ-тағы демократия саммиті басталды; Байденнің жалған мәлімдемелері

Ұзақ уақыт жарнама шуынан кейін виртуалды демократия саммиті бейсенбі күні Вашингтонда АҚШ Президенті Джо Байденнің сөзімен басталды. Екі күнге созылған саммитке 110-нан астам елдің мемлекеттік қайраткерлері, азаматтық қоғам және жеке сектор өкілдері қатысты.

Байден өз сөзінде Вашингтонның келесі жылы демократиялық жаңару  деп аталатын жобаға шамамен жарты миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғанын айтты. АҚШ өзінің пікірінше әлемдегі демократияның негізгі қолдаушысы және әлемге демократияны  тарату жобасын ұсынды, бірақ бұл өкілеттік пен тапсырманы Вашингтонға қай халықаралық билік бергені түсініксіз. АҚШ-тың адам құқықтары жөніндегі мәлімдемелері сияқты, Вашингтонның АҚШ-ты әлемдегі ең прогрессивті демократиялық мемлекет деген мәлімдемесі күмәнді. Бұл тіпті Американың ең көрнекті саясаттану ұстаздарының бірі де мойындаған мәселе. Гарвард университетінің профессоры және американдық теоретик Стивен Уолт: «АҚШ қазір мұндай саммитті басқаратындай жағдайда емес. АҚШ-тағы жуырдағы сайлауға дейін Экономикалық барлау бөлімі елді «кемшіліктері бар демократия» деп бағалады. АҚШ-тың екі негізгі партиясының бірі де сайлау нәтижелерін қабылдамады, ал кейбір республикашылар Конгресске жасалған шабуылды жасырып жатыр. Егер біз демократиялық көшбасшылыққа ұмтылатын болсақ, мұндай нәрселер оған қайшы келеді»,- деді. Бұл американдық сарапшы 2021 жылғы 6 қаңтарда АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың жақтастарының 2020 жылғы қарашадағы президент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіруі және Джо Байденнің жеңісін жариялауына наразылық ретінде АҚШ Конгресіне шабуыл жасау сынды өте тағдырлы оқиға американдық демократияның негіздерін шайқады. Трамп АҚШ-тағы демократияны өтірік деп атады. Ол АҚШ-тың сайлау жүйесін шіріген деп және бұл сайлаудағы жалған дайуыстарды бұрын-соңды болмаған саяси дағдарыс деп тауып, АҚШ-тағы демократияға күмән білдірді. 6 қаңтардағы оқиға АҚШ-тың саяси аренадағы заңдылығы мен халықаралық ықпалына түбегейлі күмән тудырды.