Иран Вена келіссөздерін жалғастыруға ниетті
(last modified Mon, 13 Dec 2021 08:36:51 GMT )
Жел 13, 2021 14:36 Asia/Almaty
  • Иран Вена келіссөздерін жалғастыруға ниетті

ИИР Президенті Ибраһим Раиси сенбі күні елдің шетелдегі өкілдіктерінің қалаулы басшыларының жиынында: «Егер қарсы тарап Иранға қарсы зұлым санкцияларды жоюға шешім қабылдаса, жақсы келісімге қол жеткіземіз. ИИР «жақсы келісім» жасауды қалайды»,-деп қуаттады.

Бірнеше күндік саяси кеңестен кейін «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясының жаңа кезеңі бейсенбі күні 4+1 тобы, Еуроодақ пен Иранның келісімгер делегацияларының басшылары деңгейінде қайта басталды. Келіссөздердің жаңа кезеңінде ИИР санкцияларды жою және ядролық жұмыстар туралы сындарлы ұсыныстар берді. Кейбір сарапшылар Байден үкіметінің Венада келісімге келуге болатынына күдікпен қарайтынын сынап: «Қазіргі келіссөздер жан-жақты да толық нәтижеге жетпейді»,-деп болжам жасады. Бірақ басқалардың пікірінше, әлі де келісімге келуге мұрсат бар.  

Осындай күдік-күмандарға қарамастан, түрлі сатыда Иран ұсынған мәтіндерді талқылау жалғасып жатыр. Бұл мәселе мынаны көрсетеді: келісімгер делегациялар өз елдерінің астаналарынан қайтып келгеннен кейін өткен аптамен салыстырғанда Иранның талап-тілектері баяндалған мәтіндерді ресми түрде таныды. Шын мәнінде қарсы тарап өзінің қисынсыз да қыңыр позициясынан кері шегінді.

Осы арада Израиль режимінің әрекеттері мен Вашингтон-Тель-Авив арасындағы барыс-келіс көңіл аударуға тұрарлық. Сионистік режимнің Соғыс министрінің АҚШ-қа сапарымен бір мезгілде израильдік ақпарат құралдары осы сапарда АҚШ пен Израиль арасында «Иранның әскери нысандарына шабуыл жасау» тақырыбында ортақ әскери жаттығу өткізу келісілгенін хабарлады.  

Израильдің БАҚ өкілдері АҚШ-тың Иранға жылдам шешім қабылдауға уақыт бергені туралы жалған ақпарат таратты. Мұндай қозғалыс Вена келіссөздері басталмас бұрын да Еуропа үштігінің Иранның ядролық жұмыстарына қарсы ұстаным білдіргенінен байқалған. Франция, Германия мен Ұлыбритания Венада 29 қарашада келіссөздердің жетінші кезеңі басталмас бұрын ортақ мәлімдеме жасап, «Иранның жүйелі түрде ядролық текетірес тудыруы» деген мәселеге алаңдауышлық білдірді.  

Мұндай әрекеттер Вена келіссөздерінің нәтиже беруін қаламайтын ағымдардың кеңістік тудыру немесе сес көрсету сияқты кез келген тәсілмен келіссөздер барысын бұзуды көздеп отырғанын көрсетеді.  

Келіссөздер залынан тыс сөздер ирандық келісімгерлердің өз халқының құқығы мен мүдделерін қамтамасыз ететін келісімге жетемін деген ерік-жігеріне сызат түсіре алмайды.