АҚШ-тың Сириядағы қылмыстарының жаңа қырлары әшкереленді
(last modified Mon, 13 Dec 2021 22:36:59 GMT )
Жел 14, 2021 04:36 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Сириядағы қылмыстарының жаңа қырлары әшкереленді

The New-York Times газеті бір мақалада АҚШ-тың бұрынғы әскери басшыларына сілтеме жасап: «АҚШ армиясының жасырын амалдар бөлімшесі Сирияда ДАИШ-қа қарсы амалдарында сан рет бейбіт тұрғындарды қырды»,-деді.

«Талон Анвил» (Talon Anvil) деп аталатын бөлімше 2014-2019 жылдар аралығында керуендерге шабуыл жасау, көліктерге бомба қою және басқару орталықтарына шабуыл жасауда белсенді болды. Бұл бөлімше бейбіт адамдарды қорғауға қатысты заңдарды айналып өтіп, егіс алқабында жұмыс істеп жатқан егіншілерді, көшелер мен ауылдарда түрлі ғимараттарды паналаған балаларды өлтірген.

The New-York Times газеті АҚШ-тың Сириядағы қылмыстарының жаңа қырларын әшкереледі. Осы мақала жарияланғанға дейін ДАИШ-ке қарсы халықаралық коалиция аясындағы АҚШ-тың әуе шабуылдары Сирияда жүздеген бейбіт адамның қаза табуына себеп болды делінетін. Бірақ қазір АҚШ-тың құрлық күштері бөлімшелерінің сириялық бейбіт адамдар, соның ішінде балаларға қарсы соғыс қылмыстарын жасағаны айқындалды.  

АҚШ-тың Сирияға әскери араласуы үлкен апат алып келді. Тек бір жағдайда Халықаралық кешірім ұйымы: «2017 жылы маусым-қазан айларында АҚШ пен оның одақтастарының Раккаға мыңдаған әуе шабуылдары салдарынан 1600-ден аса бейбіт адам қаза тапты, бірақ Вашингтон осы істің жауапкершілігін мойнына алмады. АҚШ армиясының көптеген әуе шабуылдары қырын кетті. Мақсатсыз әуе мен құрлық шабуылдарында жүздеген бейбіт адам қаза тапты»,-деді. Маңызды мәселе мынада: АҚШ армиясы өзінің әскери амалдарында бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне маңыздылық бермеді, әрдайым осы тақырыпты соғыстың қосалқы шығындары деп атады. Басқа сөзбен айтқанда Пентагон соғыста бейбіт тұрғындардың қаза болуы алдын алуға болмайтын іс деп санайды. Сол себепті іс жүзінде бейбіт тұрғындарға қатысты соғыс қылмыстарын жасаған әскерилерді мүлде жазаламайды. Тіпті америкалық басшылар сот өткізген шектеулі жайттардың өзінде соғыс қылмыстарын жасағандар жазадан босатылады. Бұл тақырып тек Сириядағы соғыс қылмыстарымен шектелмейді, Ирак пен Ауғанстандағы қылмыстарды да қамтиды. 

Тегтер