Раиси Қазақстан халқын Ұлттық күнімен құттықтады
ИИР Президенті Қазақстан үкіметі мен халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады.
Раиси Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдауында Қазақстан үкіметі мен халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап: "Қазақстан осы уақыт аралығында жан-жақты даму, азаматтардың қауіпсіздігін сақтап, әл-ауқатын көтеру жолында маңызды қадамдар жасады",-деді.
Раиси: "Қазақстан өткен отыз жылда аймақтық және халықаралық құрылымдарда да маңызды бастамалар көтерді. Бұл Қазақстан басшыларының әлемді өзгертуге деген ынта-жігерін көрсетеді",-деді.
Иран Президенті: "Иран мен Қазақстан екі елдің мүддесіне сай саяси-экономикалық және мәдени салаларда әріптестік деңгейін жоғарылату үшін талмай талпыныс жасап келеді. Дос әрі бауырлас екі елдің мол әлеуетін ескерсек, ынтымақтастық деңгейін әлі де жоғарылата түсу керек",-деп қуаттады.
Раиси: "Қолда бар қарым-қабілетті белсенді түрде пайдалану арқылы екіжақты және көпжақты әрекеттестікті кеңейтіп, бұдан да көп жетістіктерге жетеміз деп үміттенемін",-деді.