Исламабад отырысының мақсаты - Ауғанстанға көмектесу
(last modified Thu, 16 Dec 2021 21:30:55 GMT )
Жел 17, 2021 03:30 Asia/Almaty
  • Исламабад отырысының мақсаты - Ауғанстанға көмектесу

Пәкістан Сыртқы істер министрі өз елінің Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің алдағы отырысын өткізуге дайын екенін айтып: "Исламабад отырысының мақсаты - əлемдік қауымдастықты Ауғанстанға көмектесуге жұмылдыру",-деп мәлімдеді.

Пәкістанның Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің алдағы отырысын өткізуге ынта білдіруі Исламабадтың Ауғанстанда Талибан билігінің жалғасуын қолдауға бағытталған саясат аясында бағаланып отыр.

2021 жылы 15 тамызда Ауғанстанда Талибан қайта билікке келгелі бері Пәкістан аймақтық және халықаралық сахнада осы топқа ең көп саяси қолдау көрсеткен жалғыз ел болып отыр.

Пәкістанның Ауғанстанда Талибанды қолдауға қатысты қазіргі ең маңызды стратегиясы - əлем елдері мен түрлі халықаралық ұйымдарды осы топтың билігін ресми түрде тануға көндіру.

Пәкістан осы мақсатты орындау үшін Батыс елдері, әсіресе АҚШ-қа баса назар аударып отыр.

Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларының көзқарасынша, егер бұл ел  АҚШ-ты Ауғанстанда Талибан үкіметінің билігін ресми түрде тануға көндірсе, Ақ үй тарапынан Ауғанстанның активтері босатылып, осы топтың саяси кедергілерінің басым бөлігі жəне Талибан үкіметінің қаржы дағдарысы біртіндеп азаяды.

Осындай жағдайда Пәкістан Ислам ынтымақтастық ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің алдағы отырысын өткізу арқылы осы елдердің бастапқы қадамда Ауғанстанға экономикалық түйткілдерден шығуға көмектесуін қамтамасыз етуді, келесі қадамда мүше елдер тарапынан Талибан билігінің ресми түрде танылуына жағдай жасауды көздеп отыр.

Шындық мынада: ислам елдері əлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде Ауғанстанда Талибан билігін ресми түрде тануға күмәнмен қарайды.

Ислам елдері мына мəселеге алаңдап отыр: Талибан Ауғанстанда ислам үкіметін құру уəжі аясында басқа топтар мен қауымдардың құқықтарына назар аудармастан, халыққа өз билігін зорлықпен жүргізетін үкімет құрмақшы. Бұл мəселе халық пен биліктің өзара міндеттері мен құқықтары туралы ислам мектебінде айтылған жайттарға қайшы келеді.