Путин: Ресей Украина мәселесінде артқа қайтпайды
Жел 22, 2021 17:40 Asia/Almaty
Ресей Президенті Мәскеудің АҚШ-тың алдында шегінбейтінін және кез келген қатерге қатаң жауап қайтаратынын жариялады.
Владимир Путин: «Мәскеуді Украина мәселесіне қатысты сенімді болу үшін АҚШ пен Батыс елдерінен кейбір қауіпсіздік кепілдіктерін сұрадық. Батыс елдерінің біздің шекарамызға жақын жердегі әрекеті жалғаса беретін болса, біз тиісті әскери-техникалық шаралар қабылдауға мәжбүр боламыз»,- деп баса айтты.
Бұдан бұрын Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков елінің НАТО-ның әрекетіне жауап ретінде орта қашықтықтағы ядролық зымырандарды орнатуы мүмкін екенін ескерткен.
Тегтер