Лавров: АҚШ әскерилерінің Сирияда болуы заңсыз
(last modified Thu, 23 Dec 2021 13:11:22 GMT )
Жел 23, 2021 19:11 Asia/Almaty
  • Лавров: АҚШ әскерилерінің  Сирияда болуы заңсыз

Ресей Сыртқы істер министрі АҚШ әскерилерінің Сирияда болуын заңсыз деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сергей Лавров телеарнаға берген сұхбатында АҚШ әскерилерінің  Сирияда болуын заңсыз деп атап: «Вашингтон өз әскери күштерін Сириядан шығаруы тиіс. Олар Сирияның тұрақтылығына қатер төндірумен қоса, бұл елдің қазба байлығын талан-таражға салып жатыр»,-деді.  

АҚШ пен оның одақтастары, соның ішінде Түркияның лаңкестік топтармен күрес сылтауымен Сирия үкіметінің рұқсатынсыз осы елге әскер кіргізгеніне бірнеше ай болды.

Дамаск үкіметі АҚШ пен оның одақтастарының Сириядағы әрекеттерін басқыншылықпен бірдей деп сан рет мәлімдеді.

Тегтер