Тәжікстан Иранға азық-түлікті ортақ өндіруді ұсынды
Жел 24, 2021 17:38 Asia/Almaty
Тәжікстан Иранды елдің еркін экономикалық аймақтарында ортақ азық-түлік компанияларын құруға шақырды.
Тәжікстанның Экономикалық даму және сауда министрінің орынбасары Абдурахман Абдул Рахманзаде екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Иранның «Фекр Бартар» сауда орталығының басшысы Приназ Пишдадянмен кездесті. Ұсыныста Тәжікстанның экономикалық еркін аймақтарында минералды су, томат пастасы және консервілер шығаратын бірлескен кәсіпорындар құруға баса назар аударылды. Пишдадян да тәжік тарапының ұсынысын құптап, бұл бастама екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі кеңейтетінін мәлімдеді.
Тегтер