Путин Еуропадағы газ дағдарысы туралы деректердің бұрмалануын сынады
(last modified Fri, 24 Dec 2021 14:11:54 GMT )
Жел 24, 2021 20:11 Asia/Almaty
  • Путин Еуропадағы газ дағдарысы туралы деректердің бұрмалануын сынады

Ресей Президенті Владимир Путин бейсенбі күні Батысты еуропалық газ дағдарысы туралы фактілерді бұрмалады деп айыптап, Газпромның Еуропа елдеріне газ сату бойынша барлық міндеттемелерін орындағанын айтты.

АҚШ Ресейдің халықаралық бәсекелесі ретінде Еуропа елдеріне Ресей  газына тәуелділігі туралы бірнеше рет ескерткен. Алайда Мәскеу газды энергетикалық қару ретінде пайдалануды жоққа шығарып, қажет газдың жеткіліксіздігі мен оның бұрын-соңды болмаған бағасына  байланысты қазіргі ауыр жағдайға еуропалықтарды кінәлайды. Бұл салада Путин: «Еуропаға газ экспорттайтын американдық компаниялар сұйытылған табиғи газды Еуропа елдеріне жеткізуді тоқтатты және бірнеше миллион тонна сұйытылған табиғи газды Шығыс Азия мен Латын Америкасына жөнелтті. Өйткені бұл аймақтардағы газ бағасы еуропалық газ нарықтарынан жоғары. Кейбір сарапшылар газ бағасының көтерілуін «Северный поток-2» жобасы төңірегіндегі дау-дамаймен байланыстырады. Газпром сейсенбіде Ямал-Еуропа құбыры арқылы Германияға газ транзитін тоқтатты. Кремль баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, бұл шешім тек коммерциялық болды және «Северный поток-2» жобасының кешігуіне байланысты емес. Германия «Северный поток-2» жылжымалы құбырын іске қосуды кейінге қалдырғаннан бері Еуропа энергия бағасының бұрын-соңды болмаған қымбаттауының куәсі болды. Берлин кешіктіру себебі ретінде Еуроодақтың ережелерінің сақталмауы туралы алаңдаушылықты атады. Дегенмен, Германияның жаңа коалициялық үкіметі осы маңызды газ құбырының жұмысын тоқтата отырып, іс жүзінде Вашингтон көздеген бағытқа жылжып бара жатқан сияқты. Аталмыш құбыр жылына 55 миллиард текше метр ресейлік газды Германияның солтүстігіне және одан Еуропаның басқа бөліктеріне тасымалдайды деп күтілуде. Американдық журналист Джо Уоллес: «Соңғы жылдары еуропалық елдер газ бағасының мұнайға тәуелділігінен зардап шекпеу және Ресейдің энергетикалық нарықтағы ықпалы мен қуатына нұқсан келтіру үшін бөлек шеңберде газ келісіміне қол қоюды ұйғарды.  Бірақ қазір олар мұнай бағасы әлі де төмен, бірақ газ бағасы күрт көтерілген жағдайға тап болды»,- деді. Италия Премьер-министрі Марио Драги Ресейдің Еуропаны энергиямен қамтамасыз етудегі рөліне тоқталып, Еуропалық Одаққа Ресеймен қарым-қатынасты жалғастыруды ескертті, өйткені оның экономикалық немесе басқа да тежеу ​​құралы жоқ.