Иран мәжілісінің төрағасы Мәскеуде ақпарат отырысын өткізді
(last modified Thu, 21 Apr 2016 11:17:05 GMT )
Сәу 21, 2016 17:17 Asia/Almaty
  • Иран мәжілісінің төрағасы Мәскеуде ақпарат отырысын өткізді

Иран Ислам кеңесі мәжілісінің төрағасы Ресейдің әріптестігімен Бушер атом электр стансасының екінші фазасының құрылысы туралы келісімнің жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Иран Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани сәрсенбі күні Мәскеуде өткен ақпарат отырысында: "Иран мен Ресей арасында Бушер атом электр стансасының екінші фазасының құрылыс стандарттары мен оның құрылысы үшін жер табу туралы келіссөздер өтіп жатыр" деді.

Иран Мәжілісінің төрағасы сонымен қатар әлемдік мұнай бағасының арзандауының алдын алу мақсатында Дохада мұнай өндірісінің мөлшерін белгілеу туралы өткен келіссөздер мен ондағы Иранның ұстанымдары жайында: "ОПЕК-ке мүше мұнай экспорттаушы елдер үшін үлес мөлшері белгіленген. Олар соған берік болулары керек. Мұнай бағасының арзандауы жобалаушылары белгілі қастықтардың салдары болып табылады" деді.

Лариджани Иран мен Ресейдің Қарабақ дағдарысы туралы көзқарасы жайында: "Аймақта бейберекеттік аз емес. Келесі бір соғыстың басталуына жол бермеу керек. Сол себепті Иран мен Ресей Әзірбайжан Республикасы мен Арменияның келіспеушіліктерін саяси жолдармен шешуге талпыныс жасады" деді.