Мадуро жуырда Теһранға барады
https://itolqyn.com/news/world-i57796
Венесуэла Президенті осы елдің АҚШ империализмімен күресіп жатқанына тоқталып: "Венесуэла ИИР-мен өте жақсы қатынаста. Жуырда Теһранға барамын",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 27, 2021 21:20 Asia/Almaty

Венесуэла Президенті осы елдің АҚШ империализмімен күресіп жатқанына тоқталып: "Венесуэла ИИР-мен өте жақсы қатынаста. Жуырда Теһранға барамын",-деді.

Николас Мадуро Ливанның Al-Mayadeen ақпарат арнасына берген сұхбатында Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеиді жақсы көретінін айтып: "Иранға барған сайын Ислам революциясының жетекшісімен сөйлескім келеді. Ол дана да көреген адам",-деді.

Венесуэла Президенті Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарасты "Құдс" күштерінің бұрынғы қолбасшысы шәһид қажы Қасым Солейманидің биік тұлғасына тоқталып: "Адамзат баласы шәһид Солейманиге жасалған қорқынышты қылмыстан ғибрат алуы керек",-деді.