Вена келіссөздерінің сегізінші кезеңі: Батыс елдерінің конструктивті қатынасы қажет
Иран мен 4+1 тобы өкілдерінің Иранға қарсы санкцияларды жою туралы келіссөздерінің сегізінші кезеңі бүгін, дүйсенбі күні Венада басталды.
Келіссөздердің осы кезеңінде еуропалық тараптар отырысқа байсалдырақ қатысып, ақпараттық-жарнамалық кеңістік тудырудан бас тартып, өз міндеттемелерін орындау үшін практикалық қадамдар жасайды деп күтіледі.
Иран Сыртқы істер министрі Хұсейн Амир Абдуллахиан бейсенбі күні Батыс тараптарына: "Егер Иранның бейбіт ядролық бағдарламасына қатысты алаңдаушылықтарыңыз жойылсын десеңіздер, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты барлық санкцияларды жою керек",-деді.
Иран келіссөздердің жетінші кезеңінде санкцияларды жою және ядролық тақырыпқа қатысты екі жаңа құжат ұсынды. Иранның ұстанымына сәйкес, келіссөздердің жаңа кезеңі 4+1 тобына мүше елдер, соның ішінде Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция мен Германияның қатысуымен өтеді.
Соған сәйкес санкцияларды жою туралы жаңа құжат Вена келіссөздерінің алтыншы кезеңінде қабылданған құжаттан бөлек. Иранға қарсы зұлым санкцияларды әсерлі түрде жою тақырыбы – Иран келісімгер делегациясының басты басымдығы. Онсыз басқа тақырыптар, яғни ядролық міндеттемелерге кірісу мүмкін емес. Иран істері жөніндегі француз сарапшысы Бернард Хуркадтың айтуынша, Теһран қарсы тарапты санкция мәселесін келіссөздердің басты тақырыбына айналдыруға көндіре алды. Өйткені бұл мәселе ядролық бағдарламадағы техникалық сұрақтардың шешімін жеңілдетеді.
Ирандық тарап ядролық тақырыпқа қатысты өз көзқарасын Вена келіссөздерінің алтыншы кезеңінде қорытындыланған мәтінде жеткізді. Иранның келісімгер делегациясының дәлелдерінен кейін қарсы тарап ақырында ИИР-ның көзқарасын қабылдап, ол ұсынған баптарды құжаттың алғынұсқасына қосып, келіссөздерде талқылауға келісті.
Иран енді "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына мүше тараптар, әсіресе Еуропа елдері мен АҚШ өз міндеттемелерін орындап, Вена келіссөздерінде конструктивті қатынас ұстанып, санкцияларды әсерлі түрде жойып, кез келген ықтималды келісімде Иранның мүдделерін кепілдендіреді деп күтеді.