АҚШ «Симорғ» жерсерік тасушысының сәтті ұшырылғанына реакция білдірді
АҚШ «Симорғ» жерсерік тасушысының ғарышқа сәтті ұшырылғанына алаңдаушылық білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ақ үй бейсенбі күні кешке Иранның ғарышқа «Симорғ» жерсерік тасушысын ұшырғанына алаңдаушылық білдіріп, Вена келіссөздеріне берік екенін мәлімдеді.
Иран Қорғаныс министрлігі бейсенбі күні: ««Симорғ» жерсерік тасушысы сәтті ұшырылды»,-деп хабарлады.
Иран Қорғаныс министрлігі әуе-ғарыш істері жөніндегі баспасөз өкілі сейіт Ахмад Хұсейни «Симорғ» жерсерік тасушысының жұмысы туралы: «Ұшу алаңы да, жерсерік тасушы зымыран да дұрыс әрекет етті. Нәтижесінде көзделген зерттеу мақсаты орындалды»,-деді.
Ол: «Бұл миссияда 3 зерттеу жүгі 7350 м/сек жылдамдықпен 470 км биіктікке шығарылды»,-деп еске салды.