Обама Ирак пен Сирия және Иранға қатысты өз ұстанымын білдірді
(last modified Fri, 22 Apr 2016 15:20:54 GMT )
Сәу 22, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Обама Ирак пен Сирия және Иранға қатысты өз ұстанымын білдірді

АҚШ Президенті: «Ирак халқы өз елінің үкіметін кім басқаратыны туралы шешім қабылдауы тиіс»,-деді.

АҚШ Президенті Барак Обама бейсенбі күні эр-Риядта Парсы шығанағы жағалауындағы алты араб елінің басшыларымен өткізген ортақ отырысында Ирактағы саяси дағдарыс жайында: «АҚШ Ирактағы әртүрлі саяси фракциялармен байланыста және оларды осы ел үкіметінің кабинетін құруға ынталандыруда»,-деді.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Обама, сондай-ақ, Сирия мәселесі жөнінде: «АҚШ пен Парсы шығанағы жағалауындағы араб елдері басшыларының көзқарасынша, кез-келген шешім жолы жаңа Конституция негізінде Башар Асадтың қатысуынсыз өтпелі үкімет құрумен аяқталуы тиіс»,-деді.

АҚШ Президенті эр-Рияд отысында араб елдері басшыларын олардың долларларын алуға көндіру үшін ИИР-ның сыртқы саясатына қатысты айтқан сөзінде АҚШ-тың Иранның амал-әрекетін бақылап отырғанын мәлімдеді.

АҚШ Президенті Барак Обама ядролық келісімнің жасалғанына қарамастан, АҚШ пен оның аймақтағы одақтастарының Иранның әрекеттеріне әлі алаңдап отырғанын айтты.