Қырғыз әскерилері Қазақстанға жіберіледі
(last modified Fri, 07 Jan 2022 11:16:11 GMT )
Қаң 07, 2022 17:16 Asia/Almaty
  • Қырғыз әскерилері Қазақстанға жіберіледі

Қырғызстан әскери күштерінің Қазақстанға жіберілуіне қарсылар Бішкекте Парламент ғимаратының алдына жиналды.

Қырғызстан Парламентінің депутаттары Қазақстанға әскер жіберу туралы жиналыс өткізіп жатқан шақта ғимарат сыртында қарсылар жиналды.

Депутаттар сырттағы қарсылыққа қарамастан Қазақстанға 150 әскери қызметкер жіберуге шешім қабылдады.

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан көмек сұрағаннан кейін Армения 300-ге жуық сарбаз, Ресей 1400 сарбаз, Беларусь 300 сарбаз, Тәжікстан шамамен 300 сарбаз Қазақстанға жібереді.

Ресей, Қазақстан, Армения, Тәжікстан, Ауғанстан, Беларусь, Қырғызстан мен Сербия Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше болып табылады.   

Тегтер