Америкалықтар Иракта өздерінің оккупациясын ақтау үшін өздерін алдауды жалғастыруда
(last modified Sat, 08 Jan 2022 15:40:33 GMT )
Қаң 08, 2022 21:40 Asia/Almaty
  • Америкалықтар Иракта өздерінің оккупациясын ақтау үшін өздерін алдауды жалғастыруда

2021 жылдың 31 желтоқсанында АҚШ-тың Ирактағы әскери орналасу уақыты аяқталғаннан кейін, осы күндері ирактықтардың назарын аударған маңызды мәселелердің бірі – АҚШ күштерінің Иракта қалуы.

Ирак ақпарат көздерінің мәліметінше, 2500-ге жуық АҚШ әскері бұл елде кеңесші кейпінде және Ирак халқының, парламенті мен үкіметінің еркіне қарсыөздерінің заңсыз қатысуын ақтамақ. Топтар мен ирактықтардың кең ауқымы тұрғысынан Американың Ирактағы болуы заңсыз болып табылады, өйткені Ирак парламенті шетелдік күштерді, соның ішінде америкалық күштерді елден шығару қажеттілігін  қуаттаған қарар қабылдады. Сондықтан олардың әлі де қалуы осы елдің еркіне қайшы келеді. Ирак Конституциясының 1-бабына сәйкес,  «Ирак - федерациялы және толық егемендікке ие мемлекет». Ирак егемендігіне қол сұғылмау керек, ал американдық күштер осы елдің аумағында болып, өз ұшақтарын басқарып, осы елдің үстінен ұшу арқылы оның егемендігі мен тәуелсіздігін бұзып отыр. Екінші жағынан, «дүниежүзінде қай мемлекет өзінің әскери күштерін басқа елге кеңесші күштер түрінде жүктейді?» деген сұрақ туындайды. Егер Иракқа шынымен де кеңесші күштер қажет болса, Ирак билігінің өтініші бойынша және олардың миссиясының нақты саны мен көлемі анықталған жағдайда жасалуы керек. Алайда америкалық күштердің Ирактағы міндеті тіпті Ирак үкіметі мен премьер-министріне де түсініксіз. Өзі армия болып табылатын бұл үлкен күш Ирак күштеріне қандай кеңес пен көмек көрсете алады? Ирактық топтар ел заңдарына сілтеме жасай отырып, АҚШ күштерінің бұл жерде болуына Ирак парламенті мен үкіметінің еркіне қайшы деп санайды. Олардың ораналасуы басқыншылықтың жаңа түрі.