Саясаттанушы: Ресей британдықтардың Қазақстандағы қастықтарын залалсыздандырды
Әзірбайжандық саясаттанушының мәліметінше, Ресей британдықтардың Қазақстандағы қастықтары мен жоспарларын залалсыздандырды.
Шейх Орхан Мұхаммадов шетелге хабар тарататын Табриз радиосының «Ашық сөз» бағдарламасына берген сұхбатында: ««Қазақстанның ыстық жазы 2022» жоспарын басып озып, Ресей Ұлыбритания мен Түркияның Қазақстандағы барлық билік пен байлық көздерін және халықаралық байланыс арналарын өз бақылауына алу жоспарын залалсыздандырды»,- деді. Әзірбайжандық сарапшы: «Қытайды Ресеймен, Еуропамен және Батыспен байланыстыратын жаңа Жібек жолын өз қолына алу үшін Ұлыбритания 2022 жылдың жазында Қазақстандағы жағдайды толқытуды және британдық компаниялардың Қазақстанның уран ресурстарына, сондай-ақ бұл елдің батыс және мұнайлы аймақтарына үстемдігін күшейтуді көздеуде деген ақпарат ресейліктерге жеткен болатын»,- деп мәлімдеді.