Раиси: Иран мен Ресейдің үздік қарым-қатынасы стратегиялық сипатта
(last modified Thu, 20 Jan 2022 11:56:13 GMT )
Қаң 20, 2022 17:56 Asia/Almaty

Иран Президенті: Иран мен Ресейдің қарым-қатынасын дамытуға еш кедергі жоқ. Теһран-Мəскеудің үздік байланысы стратегиялық сипатта",-деді.

Иран Президенті кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси сəрсенбі күні Мəскеуде Владимир Путинмен кездесуінде екі алпауыт Иран мен Ресейдің аймақ пен əлемдегі ықпалды рөліне тоқталып, екі елдің аймақтық және халықаралық мəселелерге қатысты ортақ түсініктерін өзара əріптестікке негіз деп атап: "Иран мен Ресей қатынасы стратегиялық сипатта",-деді.

Раиси көршілес жəне одақтас елдермен барынша əрекеттестік жасауды Иранның сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі деп атап: "Иран мен Ресейдің екіжақты ынтымақтастығын нығайту екі елдің экономикасына қарқын беріп, аймақ пен əлем қауіпсіздігінің артуына септігін тигізеді",-деді.

Раиси Кавказда шекаралық өзгеріс болмайтынын, аймақта ұлттық егемендік пен тұрақты геосаяси жағдай сақталатынын айтып: "НАТО-ның түрлі сылтаумен Кавказ бен Орта Азияға енуі ТМД елдерінің ортақ мүдделеріне қауіп төндіреді",-деді.

Тегтер