БҰҰ-дағы Иран елшісі: ДАИШ кейбір елдердің қолдауымен халықаралық қауіпсіздікке қауіп төндіруде
ИИР БҰҰ-дағы Өкілінің орынбасары және елшісі ДАИШ-тың кейбір елдердің қолдауымен халықаралық қауіпсіздікке қатер төндіретінін қуаттады.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметінше, Ресейдің өтініші бойынша Сирияның солтүстік-шығысындағы Хасаке түрмесіне ДАИШ-тің шабуылы туралы өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс отырысында Заһра Аршади: «Біз бүгін Хасакада куә болып отырғанымыз – шетелдік күштердің, соның ішінде АҚШ-тың Сирияның бір бөлігін заңсыз басып алу әрекетінің нәтижесі. Сирия мен Ирактағы шетелдік күштер заңсыз басып алған аумақтарда лаңкестік топтардың, оның ішінде ДАИШ мүшелерінің еркін жүріп-тұруы, сондай-ақ олардың басқа елдерге тасымалдануы аймақтық және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіруде. ДАИШ-тың Сирияның солтүстік-шығысында жауапкершілікті өз мойнына алған Хасакадағы тұтқынға жақында жасалған шабуыл қатер дабылы. Бұл оқиға кейбір елдердің қолдауымен ДАИШ-тың аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа нақты қатер болып қалуын көрсетеді»,- деді.