Раиси: Санкцияларды жою, олардың нақты жойылғанын тексеру жəне сенімді кепілдік беру келісімнің басты негіздері болуы тиіс
(last modified Sun, 30 Jan 2022 11:18:06 GMT )
Қаң 30, 2022 17:18 Asia/Almaty
  • Раиси: Санкцияларды жою, олардың нақты жойылғанын тексеру жəне сенімді кепілдік беру келісімнің басты негіздері болуы тиіс

Иран Президенті Франция Президентімен телефон арқылы сұхбаттасып, санкцияларды жою, олардың нақты жойылғанын тексеру жəне сенімді кепілдік беруді келісімнің басты негіздері деп атады.

Иран Телерадио бірлестігінің əлемдік қызмет торабына қарасты Қазақ радиосының хабарлауынша, Ибраһим Раиси сенбі күні кешке Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында АҚШ-тың барынша қысым саясатының жеңіліс тапқанын мойындағанын айтып: "Иран келіссөздер барысында келісімге келу үшін шынайы ерік-жігер танытып, байсалды екенін көрсетті. Қарсы тараптардың кез келген талпынысы санкцияларды жою, нақты жойылғанын тексеру жəне сенімді кепілдік беруге бағытталуы тиіс",-деді.

Раиси аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің шетелдік араласушылық емес, тек аймақішілік жолдармен шешілетінін айтып, əлемдік қауымдастықтан Йемендегі гуманитарлық апатқа назар аударып, жапа шеккен халықты қоршауды жоюды сұрады.

Франция Президенті осы телефон арқылы сұхбатта: "Иранның АҚШ-қа сенбеуге қақысы бар. Өйткені дағдарыстың туындауына осы ел себеп болды",-деді.

Тегтер