Иран мен Жапония арасындағы экологиялық ынтымақтастықты кеңейту; Көміртегі шығарындыларын азайтуға күш салу
(last modified Sat, 26 Oct 2024 12:07:17 GMT )
Қаз 26, 2024 18:07 Asia/Almaty
  • Иран мен Жапония арасындағы экологиялық ынтымақтастықты кеңейту; Көміртегі шығарындыларын азайтуға күш салу

Pars Today – Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Теһранның Жапониямен қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге мүдделі екеніне тоқталып, былай деді: «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ортақ ынтымақтастық үшін әртүрлі қуаттар бар, оларды белсендіру қажет».

Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы Шина Ансари сәрсенбі күні Теһрандағы жапон елшісі Цукада Тамакимен кездесуінде Иранның Жапониямен қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екеніне тоқталып: «Иран климаттың өзгеруіне қарсы тұру және көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту үшін бірлескен ойлау мен ынтымақтастықты құптайды»,- деп айтты.

Pars Today-дің IRNA ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Қоршаған ортаны қорғау ұйымының басшысы осы кездесуде Иран мен Жапонияның мәдени, әлеуметтік және тарихи ортақтығына тоқталып, екі елдің қоршаған орта саласындағы ынтымақтастықтарын жалғастыру қажеттігін қуаттады.

Осы кездесуде Жапонияның Теһрандағы елшісі Жапония үкіметінің Иранмен экологиялық ынтымақтастыққа қатысты көзқарасын түсіндірді және былай деді: «Жапония үкіметі Токио мен Теһран арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту үшін жақсы әлеуетті мүмкіндіктердің бар екенін ескере отырып, Ирандағы Урмия көлін қалпына келтіруді өзінің маңызды жұмыс жобаларының біріне айналдырды».

Цукада Тамаки сонымен қатар Жапонияның сулы-батпақты жерлер, теңіз ортасы, шөлейттену және шаңмен күресу саласында өте жақсы тәжірибелері бар екенін айтты. 

 

 

 

Тегтер