Шәһидтер Масуме Карбаси мен Реза Аваза отбасылары имам Хаменеимен кездесті
(last modified Fri, 25 Oct 2024 11:35:29 GMT )
Қаз 25, 2024 17:35 Asia/Almaty
  • Шәһидтер Масуме Карбаси мен Реза Аваза отбасылары имам Хаменеимен кездесті

ParsToday – Өткен сәрсенбі күні шәһид  Масуме Карбаси  мен оның ливандық жұбайының жанұясы имам Хаменеимен кездесті.

19 қазан, сенбі күні доктор Реза Аваза мен оның ирандық әйелі Масуме Карбаси сионистік режимнің Солтүстік Бейрутке жасаған әуе шабуылында шәһид болды. Бұл шәһид жұптың артында бес баласы қалды. ParsToday-дің мәліметінше, осы кездесу туралы   толық есеп жақын арада KHAMENEI.IR медиасының «Райхана» бөлімінде жарияланады. Бүгін оның үзіндісін ұсынамыз:

«Анам компьютер саласында инженер, ал әкем осы салада д

окторлық дәрежесіне ие болған. Оның үстіне ата-анам бір-бірін жақсы көретін, аға! Тіпті шәһид болған сәтте де олар қол ұстасып кетті!»  Бұл сөйлемді Ислам революциясының жетекшісінің қасында тұрған 17 жасар Мәһди айтады. Оның қасында 14 жасар Мұхтада, 10 жасар Захра және 8 Мұхаммад тұр. 3 жастағы Фатима Мұхтаданың құшағында. Олардың барлығы бірнеше күн бұрын Израиль режимінің ұшқышсыз ұшағымен шәһид болған  Масуме Карбаси және шәһид  Реза Авазаның  балалары.

Мәһди аятола Хаменеиге оқиғаның қалай болғанын айтып берді: «Израильдің ұшқышсыз ұшағы оларды Джуние аймағында байқап, көлігіне үш зымыранды атқылаған, бірақ тимеген. Әкем көлігін шетке тоқтатты, көліктен түсті. Содан соң анамның қолынан ұстап, оны көліктен түсірді, бірақ дрон оларды нысанаға алды. Құдайға шүкір, шәһид болды!».

Ол айтқан терең ұғымдарды оның жасындағылардың көбісі түсіне алмауы мүмкін: «Алла адамға шамасы келмейтін жүк жүктемейді... Ағажан! Алла Тағала біздің бойымызда бұл қабілетті көрмесе, бізді бұл үлкен сынаққа ұшыратпас еді».

Имам Хаменеи растап, «сыйын да береді» деді.

Мәһди  аятола Хаменеиден орамал мен сақина орнына Ливанның барлық жауынгерлері үшін дұға етуді сұрайды....

Имам Хаменеи шәһид  Реза Авазаның әкесі туралы сұрайды. Анасы парсы тілінде: «Ол кардиохирург және Ливандағы соғыс жағдайында оның елде болуы өте қажет болды және ол келмеді», - дейді.

Оның анасы 47 жыл бұрын Иранда медицина саласында білім алған, қазір Ливандағы университетте парсы тілінің ұстазы. Басқа ештеңе айтпайды. Бірақ мен оның жүрегін білемін! Кездесу алдында «осыған дейін Ағаны жақыннан көрдіңіз бе?» деп сұрағанымда, ол: «Бұл менің армандарымның бірі еді, бірақ оны менен гөрі Реза мен Масуме көбірек көргісі келді. Олардың өздері осында болғанда ғой»,- деп жауап берді. Ол шамалы кідіріп: «Әрине, олар осы жерде...» деді.

ParsToday репортажының жалғасында кездесудің суреттерін ұсынамыз:

 

 

 

Тегтер