Имам Хаменеи: Сионистік режим сәтсіздікке ұшырады, сәтсіздік Батыс өркениеті мен саясаткерлерінен де үлкен
(last modified Fri, 25 Oct 2024 11:21:49 GMT )
Қаз 25, 2024 17:21 Asia/Almaty
  • Имам Хаменеи: Сионистік режим сәтсіздікке ұшырады, сәтсіздік Батыс өркениеті мен саясаткерлерінен де үлкен

ParsToday - Имам Хаменеи сионистік режимнің 50 мыңнан астам жазықсыз адамның қырылуына қарамастан қарсыласуды жоюдағы сәтсіздігіне тоқталып, ең үлкен сәтсіздікті Батыс мәдениеті мен өркениеті мен саясаткерлерінің жанжалы деп санады.

ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам революциясының жетекшісі сәрсенбі күні Фарс облысының 15 мың шәһидінің құрылтайын ұйымдастырушылармен кездесуінде аймақтың өзекті мәселелері мен Газа, Ливан және Иордан өзенінің батыс жағалауындағы оқиғаларды тарих жасаушы деп атап: «Шәһид Синвар сияқтылар соңғы сәтке дейін шайқаса алмаса немесе шәһид Сейед Хасан Насролладай жиһад, хикмет, батылдық пен құрбандықты біріктірген ұлы тұлғалар болмаса, аймақтың тағдыры басқаша болар еді»,- деді.

Имам Хаменеи аймақтағы оқиғалардың қазіргі нәтижесін сионистік режим үшін ғана емес, Батыс өркениеті мен мәдениеті үшін де үлкен сәтсіздік деп санап:

«Сионистер қарсыласу топтарын оп-оңай жоя аламыз деп ойлады, бірақ бүгін 50 мыңнан астам қорғаныссыз және бейбіт халықтың және қарсыласу қозғалысының бірнеше танымал жетекшілерінің шәһид болғанына қарамастан, сондай-ақ, Америка мен қара ниеттілердің қомақты қаржысы мен қолдауына қарамастан, әлемде оларға деген жеккөрініш таралып, тіпті Америка университеттерінде де қылмыскерлерге қарсы шерулер өтті. Қарсыласу майданы мен Хамас, Исламдық жиһад пен Хизболла және басқа қарсыласу топтарындағы жас жауынгерлер табандылық пен күшпен соғысуда, бұл сионистік режим үшін үлкен жеңіліс»,- баса айтты.  

Ол үлкен сәтсіздік Батыс мәдениеті мен өркениетінде деп біліп:

«Екі тонналық бомбалар мен қарудың түр-түрімен 10 мың бейкүнә баланың қырғынға ұшырауы кезінде батыс саясаткерлерінің қабақ шытпауы, батыстың өтірікші саясаткерлері мен адам құқықтары  тіралы жар салушыларды әшкерелеп, бүкіл әлемге Батыс өркениетінің дискредитациясын көрсетті. Бұл олар үшін ең үлкен сәтсіздік»,- деп мәлімдеді.

Имам Хаменеи сионистік режимді қолдайтын майданды зұлымдық майданы деп атап, былай деп қосты:

«Осы зұлымдық майданына қарсы қарсылық майданы тұр. Алланың көмегімен жеңіс сол қарсыласу майданына тиесілі».

 

Тегтер