Лавров: Ресей Батыс елдерінен тиісті кепілдіктер беруін талап етті
(last modified Mon, 31 Jan 2022 11:38:02 GMT )
Қаң 31, 2022 17:38 Asia/Almaty
  • Лавров: Ресей Батыс елдерінен тиісті кепілдіктер беруін талап етті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров: "Мəскеу  АҚШ-тан уəденің орнына қауіпсіздік саласында тиісті кепілдіктер беруін талап етеді",-деді.

Сергей Лавров НАТО мен АҚШ тарапынан қауіпсіздік саласында тиісті заңды кепілдіктер берілуі керегін баса айтып: "Олар өз міндеттемелерін қалайша орындайтыны туралы жауап берулері керек",-деді.

Лавров: "Ресей қауіпсіздік саласында тиісті заңды кепілдіктер талап етеді. Олар Ресейдің заңды мүдделерін тең жəне толық назарға ала отырып, бүкіл Еуропа құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек",-деді.