Техас дүкендерінде азық-түлік тапшылығы байқалады
https://itolqyn.com/news/world-i58752-Техас_дүкендерінде_азық_түлік_тапшылығы_байқалады
АҚШ-тың Техас штатында қысқы дауыл болатыны ескертілгеннен кейін осы аймақтағы азық-түлік дүкендерінің көбі босап қалды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 04, 2022 18:20 Asia/Almaty
  • Техас дүкендерінде азық-түлік тапшылығы байқалады

АҚШ-тың Техас штатында қысқы дауыл болатыны ескертілгеннен кейін осы аймақтағы азық-түлік дүкендерінің көбі босап қалды.

Қысқы дауыл болатыны ескертілгеннен кейін Техас штатындағы Дунканвилль қаласында азық-түлік алуға ұзын-сонар кезек қалыптасып, дүкендердің сөрелері босап қалды.

АҚШ басшыларының айтуынша, тұрғындар бірнеше күн үйде болуға қажетті мөлшерден тыс азық-түлік сатып алған, азық-түлікті көптеп сақтау дүкендерде тауар тапшылығын тудырды.

Бір аптаның ішінде АҚШ-қа екінші үлкен дауыл жақындап келеді. Соған орай 109 млн адамға метеорологиялық ескерту жасалды.