Катарды АҚШ-тың НАТО-дан тыс одақтасы деп таныстырудың себептері мен салдарлары
(last modified Fri, 04 Feb 2022 14:25:19 GMT )
Ақп 04, 2022 20:25 Asia/Almaty
  • Катарды АҚШ-тың НАТО-дан тыс одақтасы деп таныстырудың себептері мен салдарлары

Катар әмірі шейх Тамим бин Хамд Але Санидің Вашингтонға сапарымен бір мезгілде АҚШ Президенті Джо Байден Конгреске хатында Катарды АҚШ-тың НАТО-дан тыс одақтасы деп таныстыруды көздейтінін мәлімдеді.

НАТО-дан тыс одақтас деп Вашингтон Қарулы күштерімен стратегиялық байланысқа ие, бірақ НАТО-ға мүше емес елдер аталады. Вашингтонның пайымдауынша, одақтастарға осындай атау беру оларға қаржы және әскери артықшылық береді.

Байденнің Катарды АҚШ-тың НАТО-дан тыс одақтасы деп таныстыруында бірнеше дәлел бар.  

Бірінші дәлел: Катар Батыс Азияда АҚШ-тың мүдделерін көздейді, Вашингтонның мүдделеріне қарсы саясат қабылдамайды, АҚШ-қа күдік түсіретін әрекет жасамайды. Reuters тілшісі: "Вашингтонның аймақтағы мүдделері Парсы шығанағындағы осы кішкентай ел арқылы қорғалатын сыңайлы",-деп жазды.

Екінші дәлел: Катар – материалдық тұрғыдан аса бай араб елдерінің бірі. Сондықтан Катар АҚШ-тың материалдық көмегіне зәру емес. Ол өзіне қажетті қару-жарақты АҚШ-тың одақтастарына берілетін жеңілдікпен сатып ала алады.

Үшінші дәлел: Катар Батыс Азия аймағындағы өзгерістерде айрықша рөл ойнайды. Басты рөлі аймақта бейбітшілік орнатуға бағытталған. Катар белсенді сыртқы саясатқа ие, аймақта қарама-қайшы  күштермен байланыста, "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының қайта жандануын қолдайды. АҚШ-ты Ауғанстаннан шығару келіссөздерін өз жерінде ұйымдастырды. Аймақтық дағдарыстарда қарсыласушы тараптарды қабылдады. Сондықтан Байден Катарды АҚШ-тың НАТО-дан тыс одақтасы деп таныстыру арқылы Дохаға АҚШ мүдделерін қорғауы үшін сый берген сыңайлы.

Маңызды мәселе мынада: Байденнің Катарға қатысты шарасы Сауд Арабиясының шетке ысырылуына себеп болады. Қазіргі таңда Сауд Арабиясы ең маңызды әрі ең негізгі араб елі саналады.