Ұлыбритания Қорғаныс министрі Мәскеуге сапар шекті
(last modified Sat, 12 Feb 2022 07:33:50 GMT )
Ақп 12, 2022 13:33 Asia/Almaty

Мәскеуге сапармен барған Ұлыбритания Қорғаныс министрі ресейлік әріптесімен кездесуден кейін ортақ баспасөз мәслихаты орнына Ұлыбританияның Ресейдегі елшілігінде баспасөз мәслихатын өткізді.

Бен Уоллес Мәскеудегі Ұлыбритания елшілігінде британдық журналистер қатысқан баспасөз мәслихатында  ресейлік әріптесімен кездесуінде Ресейдің Украинадағы әскери әрекетінің қауіпті салдарын талқылап, Ресей қорғаныс министрінің Мәскеудің Украинаға басып кіру  ниеті жоқ екенін айтқанын мәлімдеді. Бен Уоллес: «Кездесуде терроризм, екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту және НАТО мен Ресейдің тыныштандыру шаралары да талқыланды»,- деді. Ол «Украинаның төңірегінде жүз мыңнан астам ресейлік әскердің болуы Украинаға бірден шабуыл жасауға мүмкіндік бере алмай ма?» деген сұраққа: «Осыған байланысты Украинаның егемендігі ерекше атап өтілді»,- деді.

Кейбір сарапшылар Бен Уоллес пен оның ресейлік әріптесінің бірлескен баспасөз мәслихатының өткізілмеуі Ресей қорғаныс министрі мен Ұлыбритания қорғаныс министрі арасындағы келіспеушіліктердің тереңдігін көрсетеді деп бағалады.