НАТО Қара теңіз маңындағы елдерге коалиция күштерін орналастыру туралы жаңа талабын білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i58938
Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) Бас хатшысы коалиция күштерін Қара теңіз маңындағы елдерге орналастыру туралы жаңа мәлімдеме жасады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 12, 2022 14:07 Asia/Almaty
  • НАТО  Қара теңіз маңындағы елдерге коалиция күштерін орналастыру туралы жаңа талабын білдірді

Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымының (НАТО) Бас хатшысы коалиция күштерін Қара теңіз маңындағы елдерге орналастыру туралы жаңа мәлімдеме жасады.

Sputnik ақпарат агенттігінің хабарлауынша, НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг жұма күні: «Қара теңіз елдерінде еуропалық қауіпсіздікті сақтау деген сылтаумен коалиция күштерін орналастыру туралы соңғы шешім НАТО қорғаныс министрлерінің келесі сәрсенбіде өтетін отырысында қабылданады»,- деп мәлімдеді. НАТО  соңғы апталарда   бұл ұйым мүшелерінің Ресейдің Украинаға ықтимал басып кіруіне қарсылық білдіру сылтауымен Шығыс Еуропа елдеріне көбірек әскер, қырғи ұшақтар  мен әскери кемелер жіберетінін мәлімдеді.