Америкалықтар Ресейдің Украинаға шабуыл жасау мерзімін белгілеуге асығуда
Ресей мен Украина қарым-қатынасында ауыр текетірес қалыптасқан жағдайда екі ел басшылары жуық арада əскери шабуыл болмайтынын айтып жатса да, АҚШ Президенті Ресейдің Украинаға шабуыл жасайтын нақты күнін жариялап қойды.
АҚШ-тың "Политика" басылымының хабарлауынша, АҚШ Президенті Джо Байден жұма күні Еуроодақ пен НАТО басшыларымен онлайн кездесіп: "Ресей 16 ақпанда Украинаға шабуыл жасайды",-деп мәлімдеді.
Бұдан бұрын АҚШ басшылары сейсенбі, 15 ақпанды орыстардың Украинаға шабуыл жасайтын күні деп белгілеген болатын.
Ресей мен Украина басшылары екі көршілес ел арасында жуырда соғыс болатынын сан рет теріске шығарса да, АҚШ үкіметі Ресейдің Украинаға ықтималды шабуылының уақытын белгілеп келеді.
Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ Президентінің Ресейдің Украинаға 16 ақпанда шабуыл жасайтыны туралы уəждеріне реакциясында: "Егер сізде немесе басқа біреулерде Ресейдің Украинаға 16 ақпанда немесе басқа бір күні шабуыл жасайтыны туралы 100 пайыз сенімді дерек болса, бізге беріңіздер",-деді.