Хатибзаде: Иран Вена келіссөздерінде Батыс тараптарының жауабын күтіп отыр
https://itolqyn.com/news/world-i58988-Хатибзаде_Иран_Вена_келіссөздерінде_Батыс_тараптарының_жауабын_күтіп_отыр
Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Вена келіссөздері тығырыққа тірелген жоқ. Иран Батыс тараптарының жауабын күтіп отыр",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 14, 2022 21:19 Asia/Almaty
  • Хатибзаде: Иран Вена келіссөздерінде Батыс тараптарының жауабын күтіп отыр

Иран СІМ-нің баспасөз хатшысы: "Вена келіссөздері тығырыққа тірелген жоқ. Иран Батыс тараптарының жауабын күтіп отыр",-деді.

Саид Хатибзаде дүйсенбі күні тілшілермен апталық баспасөз конференциясында Вена келіссөздерінің барысы туралы: "Қалған тақырыптар туралы сұхбат жалғасуда. АҚШ пен үш еуропалық елдің ерік-жігері жоғарылаған сайын келісімге жету қашықтығы азая түседі",-деді.

Хатибзаде Украинадағы соңғы жағдайлар мен осы елдегі Иран азаматтарына қатысты атқарылған шаралар туралы: "Иран Украина мен Ресейдің қарым-қатынасында текетірестер өршігеніне алаңдап, осы елдегі оқиғаларды жіті бақылап отыр",-деді.