Раиси: Теһран дос әрі тәуелсіз елдермен қарым-қатынасын арттыруды қалайды
(last modified Tue, 15 Feb 2022 12:58:27 GMT )
Ақп 15, 2022 18:58 Asia/Almaty
  • Раиси: Теһран дос әрі тәуелсіз елдермен қарым-қатынасын арттыруды қалайды

Иран Президенті: "Иран мен Ирландия сауда-экономикалық салаларда байланыс деңгейін арттырып, нығайтуға қажетті ауқымды әлеуеттерге ие. Мұны пайдалану екі елдің дамуы мен абадтануына септігін тигізеді",-деді.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси дүйсенбі күні Теһранда Ирландия Сыртқы істер министрі Саймон Кавонимен кездесіп, жаңа кезеңдегі Иран сыртқы саясатының басты басымдығын халықтардың мүдделерін сақтау және өзара құрмет көрсету деп атап: "Иран Вена келіссөздерінде санкциялардың жойылуын және Иран халқының құқықтарына құрмет көрсетілуін талап етіп отыр",-деді.

Ирландия Сыртқы істер министрі АҚШ-тың уәде бұзушылығы салдарынан Иран халқының ядролық келіссөздерге салқын әрі сенімсіз қарайтынын түсінуге болатынын айтып: "Ирландия үкіметінің пікірінше, Вена келіссөздері барысында қайта келісім жасалуы үшін Иранға тиісті кепілдіктер берілуі керек",-деді.