Талибан үкіметі АҚШ-қа ескерту жасады
(last modified Tue, 15 Feb 2022 14:08:27 GMT )
Ақп 15, 2022 20:08 Asia/Almaty
  • Талибан үкіметі АҚШ-қа ескерту жасады

Ауғанстандағы Талибан үкіметі АҚШ-та осы ел орталық банкінің активтері тәркіленгеннен кейін Вашингтонның арандатушы саясатты жалғастырып отырғанын ескертті.

Джо Байден үкіметі жуырда Вашингтонда Ауғанстан орталық банкінің бұғатталған жарты миллиард долларынан 3,5 млрд долларды 2001 жылғы 11 қыркүйек оқиғасы құрбандары үшін төленетін өтемақы ретінде ұстап қалатынын жариялады.

Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың бұл шешімін арандатушылық деп атап, Вашингтонға ескерту жасады.

"Шафақана" ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы Забихулла Моджахед: "Егер АҚШ өз шешімін өзгертпей, арандатушы әрекеттерін жалғастыра беретін болса, Талибан осы елге қатысты өз саясатын қайта қарауға мәжбүр болады",-деді.

Талибан үкіметінің баспасөз хатшысы: "АҚШ халықаралық принциптерге қайшы әрекет етіп, Ауғанстанның активтерін бұғаттады. Ал енді жөн-жосықсыз осы активтерді иеленіп алмақшы",-деді.

Моджахед: "Ауғанстанның активтерін тәркілеу ақталмайтын әрекет және осы ел халқының құқықтарына қол сұғу болып саналады",-деп баса айтты.