Ресейдің кейбір əскери бөлімшелері Украина шекарасынан қайта бастады
https://itolqyn.com/news/world-i59024-Ресейдің_кейбір_əскери_бөлімшелері_Украина_шекарасынан_қайта_бастады
Ресей Президенті Владимир Путин осы елдің Сыртқы істер министрі жəне Қорғаныс министрімен кездесіп, Батыс елдері жəне Украинамен соңғы текетірестер мəселесін талқылады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Ақп 16, 2022 01:36 Asia/Almaty

Ресей Президенті Владимир Путин осы елдің Сыртқы істер министрі жəне Қорғаныс министрімен кездесіп, Батыс елдері жəне Украинамен соңғы текетірестер мəселесін талқылады.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Ресейдің соңғы əскери жаттығулары аяқталғаннан кейін осы ел əскерилерінің бірқатары Украина шекарасынан жақын маңнан қайта бастады.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы сейсенбі күні: "Ресей армиясының оңтүстік жəне батыс əскери бөлімшелері өз міндеттерін орындағаннан кейін тас жəне темір жол арқылы əскери құрал-жабдықтар жібере бастап, бүгін өз əскери гарнизондарына қарай жолға шығады",-деді.