Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуі және кең ауқымды қақтығыстың ықтималдығы
(last modified Sat, 19 Feb 2022 18:29:06 GMT )
Ақп 20, 2022 00:29 Asia/Almaty
  • Украинаның шығысындағы жағдайдың шиеленісуі және кең ауқымды қақтығыстың ықтималдығы

Соңғы күндері Украинаның шығысындағы қауіпсіздік жағдайы қиындап, сепаратистер мен Украина армиясы арасында жаппай қақтығыстар болу ықтималдығы арта түсті. Украинаның шығысындағы өзін-өзі жариялаған республикалардың басшылары жұма күні шиеленіс күшейгеннен кейін 700 мың бейбіт тұрғынды Ресейге көшіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Украинаның шығысында  өзін-өзі жариялаған Донецк республикасының президенті Деннис Пушилин мен Луганск президенті Леонид Пасечник мәлімдеме жасап, бейбіт тұрғындарды жағдайдың нашарлауына байланысты аумақтан тезірек  кетуге шақырды. Пушилин Украина армиясын күш жинап, шекарада қырып-жоятын қаруды орналастырды деп айыптап: «Украина күштері Донбасты басып алуға дайындалып жатыр»,- деді. Әскери шиеленістің күшеюімен және артиллерия мен минометтердің шабуылдарымен бір мезгілде бұл аудандарда диверсиялар орын алды. Мысалы, Луганскіде екі рет үлкен жарылыс болды, оның салдарынан Ресей газын Еуропаға тасымалдайтын құбыр жарылды. 2014 жылы қақтығыс басталғаннан бері Донецк пен Луганскіні бақылауға алған шығыс украин сепаратистері украин әскерін соңғы екі күнде артиллерия мен минометпен шабуыл жасады деп айыптады.   Украина үкіметі де сепаратистік күштерді айыптады. Батыс елдердің пікірінше, бұл мәселе Ресейдің әскери әрекетіне сылтау болуы мүмкін. АҚШ Донецк және Луганск аймақтары басшыларының бейбіт тұрғындарды Ресей аумағына көшіру туралы шешімін Мәскеудің қоғамдық пікірді Украинаға шабуыл жасаудан алшақтату мақсаты деп атады. Осылайша, Украинаның шығысындағы қақтығыстың шиеленісуіне және өзара айыптауларға байланысты көршілес екі ел арасында әскери қақтығыс туындау мүмкіндігі артты.  АҚШ басшылары мен Вашингтонның кейбір одақтастары ешқандай құжат ұсынбай-ақ, Ресейдің Украинаға басып кіретінін жариялап, оның нақты күні мен уақытын айтады. АҚШ-тың соғыс дабылын соғу саясаты тіпті Украинаның жоғары лауазымды шенеуніктерінің наразылығын тудырды. Бұл елдегі қоғамдық үрейдің артуына және Украинадан материалдық және адами капиталдың кетуіне ықпал ететін фактор ретінде сипатталды.