Иран Мұнай министрінің Дохаға сапары
(last modified Sun, 20 Feb 2022 09:23:52 GMT )
Ақп 20, 2022 15:23 Asia/Almaty
  • Иран Мұнай министрінің Дохаға сапары

Иранның Мұнай министрі Иран Президентімен бірге Газ экспорттаушы елдер ұйымының (GECF) алтыншы отырысына қатысу үшін Катар астанасы Доха қаласына аттанды.

Иран Президенті ертең, дүйсенбі күні Катарға ресми сапармен барып, екіжақты кездесулермен қоса, Газ экспорттаушы елдер ұйымының (GECF) алтыншы отырысына қатысады.

Осы ұйымға мүше елдер әлемдегі газ өндірісінің 44 пайызын, газ қорының 67 пайызын, газды құбыр арқылы тасымалдау көлемінің 64 пайызын, сұйытылған газ саудасының 66 пайызын иеленіп отыр.

Газ экспорттаушы елдер ұйымы (GECF) – 2008 жылы 23 желтоқсанда құрылған ұйым. Оған Иран, Ресей, Катар және тағы бірқатар газ экспорттаушы елдер мүше болып табылады.