Бразилияның Ауыл шаруашылығы министрі Ираннан импорттау көлемін арттыру қажеттігін айтты
(last modified Sun, 20 Feb 2022 10:58:28 GMT )
Ақп 20, 2022 16:58 Asia/Almaty

Бразилияның Ауыл шаруашылығы министрі Иран мен Бразилия арасында ауыл шаруашылығы саласында әріптестік жасап, Ираннан ауыл шаруашылығы өнімдерінің импорттауды арттыру қажеттігін айтты.

Бразилияның Ауыл шаруашылығы министрі Тереза Кристиана осы елдің жоғары лауазымды экономикалық делегациясының Иранға сапарына тоқталып: "Иранға экспортты арттырумен бір мезгілде осы елден импортты  да арттырып, оңтайлы экономикалық байланысқа жетуге талпынып жатырмыз",-деді.

Тереза Кристиана Бразилияның қолайлы ауа райына ие болуына байланысты Иранды азық-түлікпен қамтамыз етуге, әсіресе азық-түлік қауіпсіздігін сақтауға көмектесе алатынын айтып: "Иран – бидай өндірушілердің бірі. Сол себепті нөл пайыз тарифпен Ираннан бидай импорттауға дайынбыз",-деді.

Тереза Кристиана сәрсенбі күні кешке Иранның Ауыл шаруашылығы джиһады министрі сейіт Джавад Садатинежадтың ресми шақыруымен жеке және мемлекеттік сектор өкілдерінен тұратын делегацияны бастап, төрт күнге Иранға келді.