Иран мен Сербия басшылары телефон арқылы сұхбаттасты
https://itolqyn.com/news/world-i59136-Иран_мен_Сербия_басшылары_телефон_арқылы_сұхбаттасты
Иран Президенті Сербия Президентімен телефон арқылы сұхбатында: "Әсіресе сауда-экономикалық салада өзара әріптестікті дамыту екі елдің мүдделеріне сай келеді. Ортақ әлеуеттер анықталып, іске қосылуы тиіс",-деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 20, 2022 17:55 Asia/Almaty
  • Иран мен Сербия басшылары телефон арқылы сұхбаттасты

Иран Президенті Сербия Президентімен телефон арқылы сұхбатында: "Әсіресе сауда-экономикалық салада өзара әріптестікті дамыту екі елдің мүдделеріне сай келеді. Ортақ әлеуеттер анықталып, іске қосылуы тиіс",-деді.

Ибраһим Раиси Александр Вучичпен телефон арқылы сұхбатында: "Иран екі елдің мүдделері аясында Сербиямен саяси және сауда-экономикалық қатынасын одан ары дамытып, нығайтуды көздеп отыр",-деді.

Александр Вучич екі елдің қарым-қатынас деңгейін жоғарылатуға мол әлеует барын айтып: "Белград Теһранмен сауда-экономикалық ынтымақтастық деңгейін жоғарылатып, саяси және стратегиялық қарым-қатынасты нығайтуды мақсат тұтады",-деді.