Раиси: Иран Орта Азия елдерімен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуды қалайды
Иран Президенті: "Теһран Орта Азия елдерімен, әсіресе Өзбекстанмен қарым-қатынас деңгейін одан ары жоғарылатуды қолдайды",-деді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ибраһим Раиси жексенбі күні Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары əрі Инвестиция жəне сыртқы сауда министрі Сардар Өмірзақовпен кездесіп, екі ел арасында экономиканың түрлі салалары, соның ішінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, тасымал, энергетика жəне туризм салаларындағы ынтымақтастықтың ауқымды əлеуеттеріне тоқталып: "Қазіргі таңда екі ел басшыларының саяси ерік-жігері жан-жақты қарым-қатынасты дамытып, тереңдетуге бағытталған. Барлық əлеуеттерді қолдану арқылы екі елдің гүлденуі мен дамуы жолында үлкен қадамдар жасауға бел байлап отырмыз",-деді.
Сардар Өмірзақов та осы кездесуде Ташкенттің екі ел басшылары Түрікменстанда кездескенінен кейін бірден екіжақты қарым-қатынасты дамытуға арналған жол картасын жасағанын айтып: "Өзбекстан Президентінің бұйрығымен жеке жəне мемлекеттік сектор өкілдерінен тұратын делегацияны бастап келдім. Мақсат - өзара қарым-қатынасты жан-жақты дамытудың жол картасын орындау тəсілдерін қарастырып, пысықтау",-деді.