Украина қауіпсіздік дағдарысын күшейту жолында
(last modified Tue, 22 Feb 2022 14:52:06 GMT )
Ақп 22, 2022 20:52 Asia/Almaty
  • Украина қауіпсіздік дағдарысын күшейту жолында

Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі күні кешке Мәскеудің Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігін мойындағанын және Кремльде осы республикалардың басшыларымен ынтымақтастық және достық келісіміне қол қойғанын хабарлады.

Украинаның Донецк  және Луганск аймақтарының басшылары Денис Пушилин мен Леонид Пасечгик Путинді бұл аймақтарды тәуелсіз республикалар деп тануға шақырды. Путиннің Донецк пен Луганскіні тану туралы шешімі Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің барлық мүшелерінің мақұлдауымен өткен отырысынан кейін қабылданды. 2014 жылдың ақпан айынан бері Батыстың көмегімен Украинада батысшыл үкімет билікке келгеннен бері  Донецк пен Луганск орыстары Киевтің Еуропа мен АҚШ-қа жақындығынан қауіп төнгендіктен Украинадан тәуелсіздік алуды талап етті. Бұл аймақтардың Ресеймен тарихи, мәдени, тілдік және экономикалық байланыстары кең болғандықтан, Мәскеу оларды Украина әскерінің басып кіруіне қарсы қолдады. Украинаның шығысындағы соғыс Минск келісімдеріне қол қою арқылы атысты тоқтатумен белгіленгенімен, әрқашан сепаратистер мен украин әскерлері арасындағы қақтығыстарға алып келді.

Донецк пен Луганскінің тәуелсіздігін мойындағаннан кейін Ресей Украинаның шығысындағы соңғы жеті жылдан бері шешімін таппай келе жатқан міндетін біржолата нақтылауды көздеп отырған сияқты. Куба мен Венесуэла Ресейдің шешімін қолдады.  Мәскеу сан рет Киев үкіметін Украинаның шығысына қатысты Минск келісімінің ережелерін орындауға, оның ішінде аймаққа автономия беруді талап еткен. Алайда Украина үкіметі бұл өтінішті орындаудан бас тартып, оның орнына Донецк пен Луганск басшыларының айтуынша, Донбасс маңына он мыңдаған әскер орналастырып, аймақты атқылаған. Соңғы бірнеше күнде қақтығыстар күрт өсті. Украинаның батысшыл үкіметінің енді екі жолы бар.  Бірінші жолы - Батыстың Ресейге қарсы санкцияларының жемісті болуына үмітті болып қалуы. Батыс Мәскеуге қарсы қатаң санкциялар енгізу, соның ішінде Ресейді Свифттен (SWIFT)  шығаруға және ресейлік негізгі тауарлардың экспортына тыйым салуға уәде берді. Украина осылайша Мәскеу соңғы әрекеттерінен бас тартуға мәжбүр болады деп үміттенуде. Тағы бір жолы – 2014 жылы Қырымның Ресейге қосылуы сценарийінің алдын алу үшін Донбассқа ауқымды әскери шабуыл жасап, сепаратистерді талқандау және аймақты Украина аумағына қайтару. Донецк пен Луганск басшыларының Мәскеуден олардың қауіпсіздігін сақтау үшін осы аймақтарға ресейлік күштердің қатысуына шақыруын ескерсек, бұл Ресей мен Украина арасындағы кең ауқымды шайқас дегенді білдіреді. Халықаралық қатынастар бойынша сарапшы Джавад Ваиди: «Владимир Путиннің Украинадағы аяқталмаған миссиясын орындаудағы шабуылдаушы стратегиясының себебі - жаңа Ресейдің қауіпсіздігі мен өмір сүруін қамтамасыз ету. Егер Ресей қандай да бір себептермен және қандай да бір жолмен  жеңілсе, келесі қадам Ресей Федерациясының   ыдырауы және Мәскеуде батыстықтардың билікке келуі болады.