Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанына байланысты Мәскеу биржасы өз операцияларын тоқтатты
https://itolqyn.com/news/world-i59224-Ресей_мен_Украина_арасында_соғыс_басталғанына_байланысты_Мәскеу_биржасы_өз_операцияларын_тоқтатты
Ресей мен Украина арасында соғыс басталып, рубльдің құны түскеннен кейін 24 ақпанда Мәскеу биржасында операциялар уақытша тоқтатылды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 24, 2022 15:22 Asia/Almaty
  • Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанына байланысты Мәскеу биржасы өз операцияларын тоқтатты

Ресей мен Украина арасында соғыс басталып, рубльдің құны түскеннен кейін 24 ақпанда Мәскеу биржасында операциялар уақытша тоқтатылды.

Мәскеу биржасының сайтында жарияланғандай, Ресейдің барлық нарықтарында сауда-саттық тоқтатылды. Мәскеу биржасының өкілдері: «Бұл орталықтың жұмысын бастау уақыты кейінірек жарияланады»,-деп түсіндірді.

Мәскеу биржасының жұмысын тоқтатуға рубль мен құнды қағаздар  құнының түсуі себеп болды. Биржаның қайта іске қосылатын уақыты белгісіз.

Биржа жабылғанға дейін 1 доллар 84 рубльдан 95 рубльға көтерілген болатын.

Ресейдің орталық банкі де бұл шараны елдің қаржы секторын қолдау деп атады.