Ресей мен Украина арасында соғыс басталғанына байланысты Мәскеу биржасы өз операцияларын тоқтатты
Ақп 24, 2022 15:22 Asia/Almaty
Ресей мен Украина арасында соғыс басталып, рубльдің құны түскеннен кейін 24 ақпанда Мәскеу биржасында операциялар уақытша тоқтатылды.
Мәскеу биржасының сайтында жарияланғандай, Ресейдің барлық нарықтарында сауда-саттық тоқтатылды. Мәскеу биржасының өкілдері: «Бұл орталықтың жұмысын бастау уақыты кейінірек жарияланады»,-деп түсіндірді.
Мәскеу биржасының жұмысын тоқтатуға рубль мен құнды қағаздар құнының түсуі себеп болды. Биржаның қайта іске қосылатын уақыты белгісіз.
Биржа жабылғанға дейін 1 доллар 84 рубльдан 95 рубльға көтерілген болатын.
Ресейдің орталық банкі де бұл шараны елдің қаржы секторын қолдау деп атады.
Тегтер