Захарова: Санкциялар бізді үнсіз қалуға мәжбүрлей алмайды
Ақп 24, 2022 16:05 Asia/Almaty
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы өз атының Еуроодақ санкциясының тізіміне енгенін Отан қорғаушылар мерекесіне орай алған сыйлық деп атады.
Мария Захарова атының санкциялар тізіміне енгізілгеніне реакциясында: «Бұл шешім біраз уақыт бұрын қабылданған. Бұдан хабарым бар. Өйткені олар мені қорқыту үшін өз басшылары арқылы осы мәселеге меңзеген»,-деді.
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы: «Олар бопсалау тәсілі нәтиже бермейтінін түсінгенде санкциялар механизмін іске қосты»,-деді.
Тегтер