Бағери Кани келіссөздерді қадағалау үшін Венаға аттанды
(last modified Sun, 27 Feb 2022 14:27:16 GMT )
Ақп 27, 2022 20:27 Asia/Almaty
  • Бағери Кани келіссөздерді қадағалау үшін Венаға аттанды

Иран Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі өзінің соңғы отырысында Вена келіссөздерінің осы күнге дейінгі барысы мен нәтижелерін талқыланып,  Иранның қызыл сызықтары аясында елдің заңды да қисынды талаптарының орындалу қажеттігін айтып, аға келісімгер Бағери Каниді келіссөздерді қадағалау үшін Венаға аттандырды.

Осы мəліметке сəйкес, Иран тұрғысынан ешқандай мерзім тиімді келісімге келгенге дейін келіссөздерді жалғастыруға тосқауыл бола алмайды. Келіссөздер уақыты аяқталды деген ақпараттық қысымға көңіл аудармау керек.