Амир Абдуллахиан: Венада келісімге келу үшін Батыс елдері реалистік қатынас көрсетуі керек
Иран Сыртқы істер министрі санкцияларды жою туралы келісімге келу үшін Батыс тараптарының реалистік қатынасы мен саяси шешімі қажеттігін айтты.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Хұсейн Амир Абдуллахиан сəрсенбі күні Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен телефон арқылы сұхбатында Вена келіссөздерінде қол жеткізілген жетістіктерге тоқталып, қалған кейбір мəселелердің маңыздылығы жəне Иранның əсіресе экономика саласындағы ұлттық мүдделерін қорғау қажеттігін баса айтты.
Амир Абдуллахиан: "Иран осы уақытқа дейін мəселелерді шешу үшін көп бастама ұсынды. Қазіргі таңда келісімге келу Батыс тараптарының реалистік қатынасы мен саяси шешімін қажет етеді",-деді.Ван И қос тараптың Вена келіссөздеріндегі жақын қатынасына тоқталып: "Қытай Иранның қисынды талаптарын түсініп, оларды қолдайды",-деді.