Путин: Ресей Украинаны қарусыздандыру жəне нацистерден тазартуды көздейді
https://itolqyn.com/news/world-i59414
Ресей Президенті: "Украинада əскери амалдар жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ресейге өз мақсаттарына жетуге ештеңе тосқауыл бола алмайды",-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2022 00:10 Asia/Almaty
  • Путин: Ресей Украинаны қарусыздандыру жəне нацистерден тазартуды көздейді

Ресей Президенті: "Украинада əскери амалдар жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр. Ресейге өз мақсаттарына жетуге ештеңе тосқауыл бола алмайды",-деді.

Ресей Президенті Владимир Путин Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында: "Мəскеу Украинаны қарусыздандыру жəне нацистерден тазартуды көздейді. Украина Ресейге қатер төндірмейтініне көз жеткізгісі келеді",-деді.

Путин, сондай-ақ, Украинаның келіссөзге асықпайтынын ескертіп: "Келіссөздер тоқтаған жағдайда Ресейдің Киевке талаптары арта түседі",-деді.

Ресей, сондай-ақ, Мәскеудің Украинада бейбіт тұрғындарды нысанаға алып жатқаны туралы ақпараттарды теріске шығарып, оларды қоғамдық пікірді бұрмалау деп атады.