Иран мен Тəжікстан электр стансасын салу саласында əріптестікті дамытады
https://itolqyn.com/news/world-i59418
Иранның Энергетика министрі Тəжікстанмен электр стансасын салу саласында əріптестікті дамытатынын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 05, 2022 02:14 Asia/Almaty
  • Иран мен Тəжікстан электр стансасын салу саласында əріптестікті дамытады

Иранның Энергетика министрі Тəжікстанмен электр стансасын салу саласында əріптестікті дамытатынын хабарлады.

Иранның Энергетика министрі Əли Акбар Михрабиан Тәжікстанның Энергетика министрімен кездесуінде: "Иранның аймақтық жəне көршілес елдермен ынтымақтастығын дамыту аясында Иран мен Тəжікстанның əріптестігін дамыту Теһран үкіметінің күн тəртібіне қойылған",-деді.

Михрабиан: "Иран мен Тәжікстанның басшылары əсіресе экономика саласында қарым-қатынасты дамытуға талпыну қажеттігін айтты. Екі елдің өткен жылғы экспорт көлемі тиісті деңгейде болды",-деді.

Иранның Энергетика министрі екі ел арасында техникалық-инженерлік қызмет көрсету саласында жақсы тəжірибе барын айтып: "Су электр стансасын салу - екі елдің əріптестігін дамытуға қолайлы мүмкіндік",-деді.