Путин Макронға: Ресей не келіссөз, не соғыс арқылы Украинада өз мақсаттарына жетеді
Ресей Президенті Владимир Путин жексенбі күні Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбаттасып: "Ресейдің Украинадағы мақсаттары не соғыс, не сұхбат арқылы орындалады",-деді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Путин осы телефон арқылы сұхбатта Ресейдің талаптарын, соның ішінде Украинаны нацизмнен арылту, қарусыздандыру жəне бейтараптандыру, Киевті НАТО-ға қостырмау талаптарын қайталап: "Украина Мəскеудің талаптарына жауап беруі керек. Болмаса, соғыс жалғасады",-деді.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Украинаға көршілес елдерге, соның ішінде НАТО-ға мүше Румынияға Киевтің ұшақтарын қабылдау туралы ескертті.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен жексенбі күні кешке Ресейдің ескертулеріне көңіл аудармастан: "НАТО-ға мүше елдер Украинаға қырғи ұшақтар жібере алады",-деді.